Жәнібек ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлік.
Географиялық орны Шығысында Казталов, оңтүстігінде Бөкейордасы аудандарымен, батысында Ресейдің Волгоград (Паллас ауданы) , солтүстігінде Саратов облыстарымен (Новоузен ауданы) шектеседі. Аудан орталығы - Жәнібек ауылы. Аудан 1922 жылы құрылған. Аудан аумағы 8,2 мың шаршы шақырым.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 18383 21750 30368 19410 20949 19511 16896 16020 Халқының саны 2019 жылы 16 147 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,09%, орыстар — 1,46%.
Әкімшілік бөлінісі center|300px 18 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақоба ауылдық округі Ақоба ауылы 1 651 Борсы ауылдық округі Борсы ауылы 2 876 Жақсыбай ауылдық округі Жақсыбай ауылы 2 1053 Жәнібек ауылдық округі Жәнібек ауылы 1 7586 Күйгенкөл ауылдық округі Жасқайрат ауылы 4 943 Қамысты ауылдық округі Қамысты ауылы 1 1149 Талов ауылдық округі Таловка ауылы 2 589 Тау ауылдық округі Тау ауылы 3 1006 Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылы 2 701
Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Жәнібек ауыл 7586 Қамысты ауыл 1149 Жақсыбай (Свердлово) ауыл 1043 Тау (Қайрат) ауыл 901 Жасқайрат (Күйгенкөл) ауыл 671 Ақоба ауыл 651 Ұзынкөл ауыл 624 Борсы ауыл 540 Таловка ауыл 531
Шаруашылығы Шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылса, соның ішінде етті мал және етті-жүнді қой шаруашылығы. Мал шаруашылығымен қатар тауар өнімдерінің белгілі бөлігін егін шаруашылығы бағытындағы өнімдер құрайды.
Инфрақұрылымы Ауданда 17 жалпы білім беретін мектеп, олардың 10 жалпы орта білім беретін, 2 негізгі және 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8"Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Жәнібек ауданы