Қарсыластан басымдылық (Превосходство над противником) — ұрыста және операцияларда әскер (күштер) саны, олардың жабдықталуы, моральдық-психологиялық жағдайлары, ұрыс қимылдарын жүргізу өнері тұрғысындағы басымдылық. Қарсыластан басымдылық негіздері бейбіт уақытта мемлекеттің экономикасын дамыту, әскери доктринаны жасау, қарулы күштерді құру мен жетілдіру, оларды қару мен әскери техниканын жаңа үлгілерімен жабдықтау, жеке құрамды үйрету мен тәрбиелеу және әскери өнер теориясын дамыту аркылы жасалады. Қарулы күштердің жеке құрамын кемел дайындауға жетуде қарсыластан басымдылық үшін күштер мен құралдардың байланыстылыгы үлкен рөл атқарады. Өткен соғыстардағы қарсыластан санымен басым әскерлердің жеңістері басты бағытта негізгі күштерді жасырын шоғырландыру, тұтқиылдан соккы беру және кезекті шешуші қимылдар арқылы жүзеге асқан. ІІІабуыл операциясы барысында басты бағытта қарсыластан басымдылықты қолдауға ең алдымен, жылжымалы топтарды, екінші эшелондарды және қорларды уақытымен енгізу, қосымша учаскелер мен бағыттарда күштер мен құралдардың маневрін жүзеге асыру, басты бағытта жою құралдарының негізгі топтарын қолдану арқылы жетеді. Қорғаушы әскерлер карсыластан күші мен кұралдары жағынан осал болады. Сондыктан қорғаушы операцияларда (ұрыстарда) қарсыластан басымдылық тек карсы шабуыл (қарсы соққылар) жүргізілетін бағыттарда ғана құрылады. Осы мақсатта қорлар мен эшелондар енгізіліп, қосымша бағыттағы әскерлер колданылады және күштер мен кұралдармен маневрлеу жүзеге асады. Қазіргі жағдайларда әскерлердің оңтайлылығы және жою кұралдарының шалғай кашықтықтан колданылуы алдан ала шектелген аландардағы бастапкы аудандарда әскерлердің ірі топтарын шоғырландырмай-ақ кажет шамада қарсыластан басымдылық кұруға мүмкіндік береді. Шетел әскерлерінде 0арсыластан басымдылық әскери өнердің басты тапсырмасы болып саналады. Атыстық басымдылыққа, тұтқиылдыққа жету тәсілдеріне, дайындыктын мұқияттылығын және ұрыс қимылдарын жанжақты қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс