Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары (Боевые машины реактивной артиллерии) — жылжымалы көлік құралдарына орнатылған, бірнеше реактивтік снарядтар ұшыруға бейімделген ұшыру қондырғылары. Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары — карсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою, оның атыс құралдарын, ұрыс техникағы мен тірі күштерін құрту, сондай-ақ қорғаныс ғимараттары мен өзге де маңызды объектілерін талқандау міндеттерін атқарады. Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары өз міндеттерін қысқа уақыт аралығында дүркіндете оқ атып, қарсыласқа кенеттен соққы беру арқылы орындайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс