Мұрат Әзімбекұлы Тілешев — Қазақстан футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы. 1980 жылы сәуірдің 12-сі күні Тараз қаласында дүниеге келген. Қазіргі күні "Шахтер" (Қарағанды) клубының спорттық директоры.

Мансабы 1998 жылы "Тараз" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2000 жылы "Шахтерға", сосын Астананың "Жеңіс" клубына ауысып, Қазақстан чемпионы атанды.

2001 жылғы маусымда қайтадан "Шахтерға" оралды.

2003 жылы "Ертіске" ауысып, үш маусым ойнады. Осы аралықта, яғни 2004 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасына шақыртылды. Чемпионаттағы өте нәтижелі ойындарына қарамастан (2008, 2009 жылдары Қазақстан чемпионатының үздік мергені атанды), 2008 жылы құрамаға Бернд Шторк бас бапкер боп келген соң Мұрат құрамаға мүлде шақырылған жоқ.

Кейін де бірнеше рет клуб ауыстырды. 2010 жылы "Ақтөбе" сапында жүріп, өзінің Қазақстан чемпионатындағы 130-шы голын соқты.

2016 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап карьерасын аяқтады. 18 жылдық карьерасында Қазақстан чемпионаттарында 148 гол соқты. Бұл Нұрбол Жұмасқалиевтен кейінгі екінші көрсеткіш.

Статистикасы МаусымКлубЕлЛигаДеңгейОйындарГолдар1998Тараз ФКПремьер лига11831999Тараз ФК Премьер лига12162000Жеңіс ФК/Шахтер ФК (Қарағанды) Премьер лига116932001Астана ФК/Шахтер ФК (Қарағанды) Премьер лига11732002Шахтер ФК (Қарағанды) Премьер лига123132003Ертіс ФК Премьер лига122102004Ертіс ФК Премьер лига130122005Ертіс ФК Премьер лига123202006Ертіс ФК/Астана ФК Премьер лига127122007Ордабасы ФК Премьер лига12162008Ертіс ФК Премьер лига125132009Ақтөбе ФК Премьер лига12520Барлығы 268121

Жетістіктері

Қазақстан Чемпионы: 2003, 2006, 2009 Қазақстан Кубогының иегері : 2001 Қазақстан Супер Кубогының иегері : 2010 Достастық Кубогының финалисті : 2009, 2010 Қазақстан Премьер Лигасының бомбардирі : 2005, 2008, 2009

Сілтемелер

Профилі (fannet.org)

Санат:1980 жылы туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары