Соқпа-ағытқыш тетігі (Ударно-спусковой механизм) — атыс қаруындағы шүріппені басуға, соққышқа соққы беруге, жеке немесе автоматтық атыс жүргізу мен оны тоқтату, сондай-ақ жабылмаған бекітпедегі (затвор) атыстың алдын алуға арналған қондырғы.Соқпа-ағытқыш тетігі қарудын ұңғы қорабында орналасады және соққыш серіппелі жеткізгіш (шептал) пен ауыстырғыштан (автоматты қаруда) және басқа бөлшектерден тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс