Жаппай жою қаруы Типтер бойынша:Ядролық Қару Биологиялық Қару Химиялық Қару Радиологиялық Қару Елдер бойынша: Австралия Мексика Албания Мьянма Алжир Нидерланд Аргентина Пәкістан Болгария Беларусь Бразилия Ресей Ұлыбритания Румыния Германия Сауд Аравиясы Мысыр Сирия Израиль АҚШ Үндістан Норвегия Тайвань Ирак Украина Иран Франция Канада Қазақстан Швеция Қытай Оңтүстік Африка Республикасы КХДР Жапония Польша <noinclude>

Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін қолданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уақытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролық (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядролық соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Жаппай қырып жою қарулары Санат:Әскери терминология