Радиобарлау станциясы — антеннадан, қабылдағыштан және талдау аппараттарынан тұратын арнайы радиоқабылдағыш қондырғы. Жұмыс істеуші радиостанциялар мен радионавигациялық жүйелердің түрін радиосәулеленуі бойынша дәл анықтауға арналады.
Радиобарлау станциясы қабылдайтын радиотолқындар диапазоны, радиоқабылдағыш түрі, қолданылу орнына қарай (жер үсті, жағалаулық, кемелік, ұшақтық және арнайы), сондай-ақ өзге де белгілеріне қарай бөлінеді. Негізгі ерекшелігі — олардың бәрі де өте кең жиілік диапозонында жұмыс істеуі керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс