Нұсқаулық-әдістемелік сабақ — жауынгерлік және саяси дайындық бағдарламасының жаңа тақырыбын оқып-үйрену алдында бөлімшелермен осы сабақты жүргізудің біртұтас әдістемесін өндеп жетілдіру мақсатында сабақ жетекшілері жүргізеді. Бұл кезде сабақ мәселелерін зерделеудің ең тиімді әдістемелік тәсілдері мен тәртібі көрсетіліп түсіндіріледі. Қажет жағдайда үйретілетін (қимыл) тәсілдерді орындау үшін жаттығулар ұйымдастырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс