Су асты теледидары (Подводное телевидение) — қашықтан су астындағы жағдайды, жеке объектілерді экран арқылы көру. Олардың бейнесі кабель бойынша телекамерадан беріледі немесе өзгеше жолмен қабылдағыш-индикатор қондырғысы арқылы алынады. Тұнық судағы су асты объектілерін күннін жарығында 40-50 м терендікте бақылауға болады. Ал түнде және үлкен тереңдікте жарықтандырғыш қолданылады. Сондықтан оның сүңгуірлерден бірқатар артықшылығы бар. Су асты теледидары әр түрлі су асты жұмыстарында, су түбінің бедерін зерттеуде қолданылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс