Спартак футбол клубы — 1964-2015 жылдары КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Семей қаласының "Спартак" стадионы клубтың базасы болып табылады. 2016 жылы "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды. Тарихы 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және татар мектебінің «Ярыш» студенттік командалары пайда болды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерінен келген. Ярыш ФК құрамында қазақ халқына белгілі ақын, жазушы, профессор Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Сонымен қоса Ярыш ФК сапында Ахметсәлим Кәрімов, Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев және т.б. пионерлер ойнаған. Тарихшы Евгением Юдиннің мәліметі бойынша Ярыш ең алғашқы болып халықаралық кездесу өткізген. 1914 жылы Семейге Томск қаласының футбол командасы кіріп шықты. 1920 жылы 26 қыркүйекте Семей алтайлықтардың ұйымдастыруымен болған Олимпиадаға қатысып екінші орын алды. Финалда Барнауыл командасына жол берді. 1963 - «Цементник» командасы Қазақ ССР чемпионы атанды. 1964 - «Цементник» шеберлер мәртебесін алып, КСРО чемпионаты мен Кубогында ойнауға рұқсат етілді. 1969 - Команда капитаны Виктор Дронкин 1 маусымда 25 доп соқты, бұл Семей командасының КСРО чемпионатындағы ең жоғарғы жетістігі болып саналады. 1983 - «Спартак» Қазақ ССР Кубогын жеңіп алды. 1994 - Достық (Алматы) клубының таратылуының арқасында семейлік команда Жоғарғы Лигада ойнаға жолдама алды. 1994-1995 - «Елімай» 2 жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанады. 1996 - бразилялық шабуылшы Маркос Роберто Сампайо Пимента және жартылай қорғаушы Антонио Роберто зе Мария командаға шақыртылып, және олар Қазақстан футболындағы алыс шет елден шақыртылған алғашқы ойыншылар болып саналады. 1996 - Қазақстан Кубогының финалында Ақтаудың «Мұнайшы» командасын 2:1 есебімен жеңді. Бірақ футбол қауымдастығының шешімімен финалдық ойын жоққа шығарылды, себебі команда Қазақстан қауымдастығындағы iстелген заңсыздығына қарсы наразылық белгiсi ретiнде кубокты қабылдаудан бас тартты. 1998 - «Елімай» Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. 2001 жылы 18 мамырда - «Спартак» стадионында «Елімай» мен Африка клубтарының құрамасы арасында жолдастық кездесу өтіп, 3:0 есебімен семейліктердің пайдасына шешілді. 2004 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Семей» Жоғарғы дивизионнан ұшып кетті. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір команда - "Восток" клубымен бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды.
Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 13 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.
Қазақстан чемпионаты және кубогындағы көрсеткіш
Статистикасы ЖылЛигаПозОЖТҰСДЖД1992Жоғары14381352053771993Жоғары17461582351851994Жоғары1 30207370291995Жоғары1 30214568231996Жоғары3 34228464171997Жоғары726137641261998Жоғары1 26203360201999Жоғары9301241435362000Жоғары8281251143332001Жоғары7321461247422002Суперлига8321161533512003Суперлига9321271335352004Суперлига1936413125842005Бірінші2 24185176172006Бірінші424127546252007Бірінші926781129492008Бірінші3 26138550352009Бірінші7261221235412010Бірінші434197868402011Бірінші1432881636532012Бірінші6301441238452013Бірінші2 34217653232014Премьер лига1232771830522015Бірінші62411673419
Құрлықтық кубоктерде МаусымТурнирRoundҚарсыласҮйдеСырттаЖалпы1995Азия клубтар чемпионаты1 іріктеу кезеңіНефтчи Ферғана1–34–15–41 іріктеу кезеңіӘл-Наср0–10–30–41996–97Азия клубтар чемпионаты2 іріктеу кзеңіАиК Бішкек4–22–16–32 іріктеу кезеңіПерсеполис3–00–53–5
Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1995 — 10:0 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1992 — 0:6 («Целинник», Астана) 1993 — 0:6 («Болат-АМТ», Теміртау) 1993 — 0:6 («Уралец», Орал)
Клуб атауларының тарихы «Цементник» (1964-1970) «Спартак» (1971-1993) «Елімай» (1994-1998, 2001-2003) «AES-Елімай» (1999-2000) «Семей» (2004-2007) «Спартак» (2008-о.у)
Жетістіктері
Қазақстан чемпионы (3): 1994, 1995, 1998 Қазақстанның қола жүлдегері (1): 1996 Қазақстан кубогының иегеріі (1): 1995 Ресми сайты
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:1964 жылы құрылған футбол клубтары