Шағымдар мен өтініштер кітабы — ҚР қарулы күштерінің Тәртіп туралы ережелеріне сәйкес әр әскери бөлімде, кемеде, мекемелерде, оқу орындарында болатын кітап. Әскери қызметшілерден түсетін барлық шағымдар мен өтініштер осы кітапқа енгізіледі. Мұнда әрбір шағым, өтінішке қатысты шешімдер де жазылып отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс