Ядролық жарылысты белгілеу (Засечка ядерных взрывов) — акустикалық, гидроакустикалық, магниттік, сейсмикалық белгілерді тіркеу және талдау, сондай-ақ ядролық жарылыспен қатар жүретін электрмагниттік және жарықтық, сәулелендіру негізінде арнайы техникалық құралдар көмегімен ядролық жарылыстың түрі мен биіктігін, қуатын, эпицентрінің координаттарын анықтау. Сондай-ақ бұл радиолокаторлық жүйе көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс