Жансүгіров — Жетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, аудан (1964 жылдан) және Жансүгіров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 119 км-дей жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілемдерінің бірі — Қайрақты тауының солтүстік-батыс баурайында, Ақсу өзені жағалауындағы бұта шоғырлары аралас бетеге, жусан, селеу, боз, сарсазан өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты қуаң дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен88308288 10024 120,9 3986 5025 126,1 4302 4999 116,2

Тарихы Іргесі 19 ғасырдың ортасында қаланды. Алғашында "Тасбекет", кейін Абакумовка селосы аталды. 1930 жылдарының басында мұнда алғашқылардың бірі болып ұжымшар ұйымдасты, кейін ол бірнеше ұсақ шаруашылықпен біріктіріліп "Өндіріс", одан соң Чапаев атындағы ұжымшар атанды. 1963 жылы ол "Қаракемер" кеңшары болып қайта құрылды. 1966 жылдан қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың есімімен аталады. Жансүгіровте қант зауыты, су электр стансасы, автокөлік, құрылыс мекемесі, астық қабылдау пункті, нан зауыты, т.б. ауданы кәсіпорындар мен мекемелер бар. Жансүгіров атындағы АҚ, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, кәсіптік техникалық мектеп, аудандық аурухана, емхана, баспахана, кинотеатр, клуб, сауда орталығы, стадион, мешіт, Жансүгіров музейі, саябақ, т.б. бар. Жансүгіров арқылы Алматы—Өскемен автомобиль жолы өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері