Ракетаны автономды басқару — ракетаның ұшуын басқару. Бұл кезде бүкіл қашықтықтағы ұшу траекториясы кемерлік аспаптар кешені арқылы анықталады. Яғни ракета алдын ала белгіленген бағдарлама (берілген траектория) бойынша ұшады және ешқандай барлау пунктімен немесе тосқыш ұшақпен, нысанамен байланыспайды. Ракетаны автономды басқару кезінде басқарудың автономдық жүйесі: навигация немесе радионавигациялық және басқа да автономды жүйелері қолданылуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:«Мектеп» ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс