Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова (14 тамыз 1966 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылы) – қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.
Өмірбаяны Ол алғаш рет сахнаға 2-сыныпта оқып жүрген кезінде шығып, «әнші қыз» атанды. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясындағы Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің батыс ән дәстүрі бойынша класына ілінді. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдайды. Өнер жолында жүріп Ұлттық Консерваторияға қабылданады. 1997 жылы Консерваториядағы оқуын аяқтаған соң, Сәуле «Қазақконцерт» бірлестігінде кәсіби әншілікті бастады. Париждің «ЮНЕСКО» залында концерт атқарылғанда Сәуле оған қатысты. Оны Француздар өте жақсы қабылдады. Атыраудағы музыка Академиясынан оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ән кафедрасын басқарады. 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясын басқарды.
Ғылыми еңбектері Ұзақ жылдар ізденісі нәтижесінде 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады. Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы. Сегіз қырлы өнерлі жан 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды.
Шәкірттері Айгүл Қосанова Берік Жүсіпов Эльмира Жаңабергенова Арнұр Көшенеев Маңғыстау жырларын әкелген Елдос Еміл атыраулық Т.Құттымұратов Ақтөбеден Айгүл Елшібаева Ырысты Сүлейменов Өмірқұл Айниязов.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010г
Дереккөздер
Санат:14 тамызда туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері