Қаражота — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаражота ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 81 км-дей жерде, Шілік өзенінің атырауында, жусан, ши, баялыш, сарсазан, көде, құрақ, қамыс өскен сортанды сұр, шалғынды сұр топырақты жазьгқ далада орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27373728 2391 64,1 1875 1240 66,1 1853 1151 62,1
Тарихы Ауыл 1962-97 жылдары қой өсіретін "Қызылжиде" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қаражотада және округ аумағындағы Ақтоған, Сарыбұлақ ауылыдарыңда бірнеше серіктестік пен шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Әлеуметтік құрылымда 3 орта мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 2 фельдшер-акушерлік пункт, 1 фельдшер пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері