Қараой үстірті – Іле өзенінің сол жағалауындағы үстіртті тау.

Географиялық орны Алматы облысы Іле ауданында, Күрті және Қаскелең өзендері аралығында жатыр. Шығысы Қапшағай бөгеніне тіреледі. Оңтүстік-шығысында бойлық бағытқа созылып Мойынқұм құмды алқабы жатыр. Оңтүстігінде Сорбұлақ көлі орналасқан.

Жер бедері Үстірт бетінде бірнеше жеке таулар (Уәлитөбе, Қостөбе, Тасқара, т.б.) кездеседі. Ең биік жері Қаратөбе шоқысы (764 м).

Геологиялық құрылымы Пермь жүйесінің эффузивтік жыныстарынан, саздақты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Үстірттің сұр топырағында эфемерлі шөптер және жусан өседі. Көп жеріне егін егіледі.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы таулары