Андрей Сергеевич Аршавин (29 мамыр 1981 жыл, Ленинград, КСРО) — ресейлік футболшы, жартылай қорғаушы. Ресей Ұлттық құрамасы сапында ойнаған.

Мансабы Клубтық Санкт-Петербург клубының түлегі. 1999 жылы "Зенит" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. "Зенит" сапында 2008 жылы УЕФА кубогы мен Суперкубогын ұтып алды.

2009 жылы қаңтарда "Арсеналға" ауысты. 21 сәуірде "Ливерпуль" қақпасына төрт гол соғып, Англия премьер-лигасында покер жасаған тұңғыш футболшы атанды.

2012 жылдың алғашқы жартысын "Зенитте" арендада өткізді. Турнирден соң "Арсеналға" қайта оралды.

2013 жылы жазда "Зенитке" түпкілікті қайта оралды. "Зенит" сапында жалпы 273 рет Ресей чемпионатында алаңға шықты.

2015 жылдың соңында "Қайратқа" ауысып, екі жыл ойнады. 2018 жылы қараша айында карьерасын аяқтады. Қайраттықтар сапында үш дүркін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 2008 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2012 жылғы Еуропа чемпионатына да қатысты, бірақ Ресей топтық турнирден шыға алмады.

Табыстары Командалық

Ресей Чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері : 2007 Ресей Чемпионатының бір дүркін қола жүлдегері : 2002 Ресей Кубогының иегері : 2007 УЕФА кубогының жеңімпазы : 2007 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2016, 2017, 2018

Жеке табыстары 2009 - 100 клубы 2009 - Григорий Федотов мергендер Клубы Ресей ең үздік футболшысы:2001, 2006, 2008 Ресей спорт шебері Жеке Өмірі Үйленген. Жолдасының есімі - Юлия. Қыз-Яна

Қайрымдылық SOS-Kinderdorf International Пушкаино SOS бала ауылының елшiсiнiң құрметтi рөлiне Андрей Аршвин шақырды.

Сілтемелер Ресми сайты Аршавиның профиль Арсеналда сайты Лентапедия

Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Кубань ФК ойыншылары