Қарауыл Байкүшіқұлы (1715 ж.ш., Іле ауданы —1807 ж.ш., сонда) — би. Тегі Дулат руының Ботбай тармағынан шыққан. Жаугершілік замаңда ел билігіне араласып, әділдігімен аты шыққан. Оның туып-өскен жерінде қазіргі Іле ауданындағы Қаскелең өзенінің оңтүстік беткейінде "Қарауыл" ауыл болған. Ол 1934 ж. шыққан "Алматы округының схемалық картасында" көрсетілген. Қазір "Қарой" деп аталатын сол ауыл маңындағы қыратта зираты бар. Ұрпақтары негізінен Алматы облысында тұрады.
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер