Әуедегі ядролық жарылыс () — жер немесе су бетінен әртүрлі биіктіктегі жарылыс. Мұнда жарылыстың жарқыл бөлігі жер (су) бетіне тимейді. Жоғары биіктіктегі ядролық жарылыс және аласа әуе ядролық жарылысы болады. Жарылыс кезінде қас қағым сәтте зор мөлшерде энергия бөлініп, көз қарықтыратын жарқыл пайда болады. Ол жүздеген километр жер мен аспанды жарықтандырып, найзағай ойнағандай қатты дыбыс шығады. Жарқылдан соң отты шар пайда болып, тез ұлғаяды да, бірнеше километрге көтеріліп, тоқтап, дөңгелек бұлтқа айналады. Соның салдарынан қуатты соққы толқын туады. Жерден көтерілетін шаң бірнеше минуттан соң дөңгелек бұлтпен қосылып, саңыраукұлак секілді түрге ие болады. Жарылыс бұлты 10-12 минут ішінде 10-15 километр биіктікке кетеріледі, ал термоядролық жарылыста 20-30 километрге көтеріліп, желмен қозғала отырып, өз тұлғасынан айрылып, бірте-бірте тарайды. Әуедегі ядролық жарылыс қаладағы өнеркәсіп орындарын талқандау үшін, ұрыс даласындағы адамдар мен техниканы, әуежайдағы ұшақтарды, сондай-ақ ұшып жүрген ұшақтар мен қанатты ракеталарды талқандау үшін қолданылады. Әуедегі ядролық жарылыс кезінде жердің радиоактивтік зақымдануы төменгі әуе жарылысы эпицентріне жақын жер үшін ғана қауіпті. Радиоактивті бұлт жолының зақымдауы айтарлықтай емес және әскер кимылдарына елеулі әсер ете алмайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Ядролық қару