Құрманова Күләш Байсиыққызы (1941 жылы туған, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы) — ғалым, медицина ғылымдары докторы (1991), профессор (1994). 1966 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын, 1969 ж. республика Эпидемиол., микробиол. және жұқпалы аурулар ҒЗИ-ның аспирантурасын бітірген. 1970-91 ж. осы ҒЗИнда жұмыс істеді. 1991-2003 ж. С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде кафедра меңгерушісі болды. Қазір Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының профессор 11 ғыл. канд-н, 3 ғыл. докт-н даярлаған. 180-нен аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 4 монографиясы жарияланған. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер