Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (10 қазан 1925, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай – 5 наурыз 1986, Алматы) — жазушы.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Найман тайпасының Төртуыл руынан шыққан.

Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.

1943 жылы әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958–1962 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962–1965 жылдары «Коммунизм туги» газетінде бөлім меңгерушісі, 1955–1958, 1965–1980 жылдары Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды.

Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.

«Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды.

Шығармалары Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952; Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956; Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968; Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970; Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Екі томдық Таңдамалы шығармалары. А., «Жазушы», 1983 – 1984.«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұйғыр жазушылары Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері