Метеорограф (грек. meteora атмосфералық құбылыстар және grapho — жазамын) — ауаның температурасын, қысымы мен ылғалдылығын, кейде атмосфераның жоғарғы қабаттарында жел жылдамдығын автоматты түрде жазып алуға арналған құрал. Метеорографтың төмендегідей түрлері бар: Атмосфераға 35-40 км биіктікке шар-зонд арқылы көтерілетін зондтық метеорограф; Ұшақпен көтерілетін ұшақтық метеорограф, аэрологиялық "жыланмен" немесе байланған аэростаттармен көтерілетін жылан секілді метеорограф (5-7 км-ге дейін көтеріледі).Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс