Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Жергілікті жердің әскерлердің ұрыс әрекеттеріне ықпалы көп. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсыласты атыс құралдарынан үлкен шығынға ұшырайтындай етіп позицияны жабдықтайды; карсыластың жаппай жою қаруынан корғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жер жекелеген жағдайларда ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде табыска жетуге және қару мен ұрыс техникасын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады, басқа жағдайларда кедергі жасайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары барлық, әскери қызметшілерден жергілікті жерді мүқият зерделеп, бағалауды және нақты жауынгерлік міндетке сай тактикалық қасиеттерін дүрыс есепке алуды талап етеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс