Нақты атыс жылдамдығы (ұрыстық атыс жылдамдығы) (Практическая скорострельность) — қарудың оны ұрыстық қолдану жағдайындағы көздеу, қайта оқтау және бір нысанадан екінші нысанаға атысты ауыстыру уақыты есебінен болуы мүмкін нақты атыс жылдамдығы. Ол уақыт бірлігінде атылатын нысана санын анықтай отырып атыстың нактылығына әсер етеді. Атыс жылдамдығы атыс кезінде ұрыстың аса жауапты және шиеленіскен кезеңінде, мысалы , шабуылдау мен қарсы шабуылдау кезінде ерекше рәл аткарады. Нақты атыс жылдамдығы техникалық атыс жылдамдығына, атқыштың немесе есеп тобының үйрену дәрежесіне, атыс жағдайына (нысананың сипаты мен орналасуына, белгіленген жекеленген, қысқа және ұзақ кезектелген, үздіксіз атыс түріне), атыс кезіндегі қарудың тұрақтылығына байланысты болады. Нақты атыс жылдамдығы техникалық атыс жылдамдығына қарағанда аз болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс