Бактериологиялық қарудан қорғану () — жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың құрама бөлігі, адамдарға, жануарларға және тыл объектілеріне бактериологиялық (биологиялық) қару әсерін жібермеу немесе әлсірету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар кешені. Ол қарсыластың бактериологиялық (биологиялық) қару қолдану қатері туралы дәл уақытында ескертуді, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды білуді, зақымданған жерлерде әрекет ету кезіндегі жеке құрамның қауіпсіздігін, індетке қарсы, санитариялық-гигиеналық және арнайы сақтандыру шараларын және қарсыластардың бактериологиялык (биологиялық) қаруды қолдануының салдарын жоюды қамтамасыз етеді. Бактериологиялық (биологиялық) қарудың әсерін әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: биологиялық барлау, жеке және ұжымдық, қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық гигиенаны, ал қажет болған жағдайда әскерлер мен халық арасында емдеу шараларын жүргізу, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, бактериологиялық (биологиялық) қару қолданылуының зардаптарын жою жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс