Танкілер жиілігі — маңдай шептің 1 километріне келетін танкілердің орташа саны.

Әскерлердің барлық әрекет алаптары және соққы (негізгі күштерді шоғырландыру) бағыттары бойынша анықталады.

Әдетте, тактикалық және оперативтік танкілер жиілігі қарастырылады. Тактикалық танкілер жиілігінде бірінші эшелон бөлімдері мен құрамаларының танкілері, ал оперативтік танкілер жиілігінде бірінші және екінші эшелон мен қорлар құрамалары мен бірлестіктерінің танкілері есептелінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс