Мақта () – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.

Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады. Мақта өнімдері 1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында ақуыз болғандықтан мал азығы ретінде қол

Негізгі зиянкестері: өрмекші кенесі мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары шегіртке арам шөптер Артықшылықтар жұмсақтық жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі жеңіл түске боялуы табиғи материал денсаулыққа зиян келтiрмеген Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс»атты мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда

Кемшiлiктер оңай илейдi отырғызуға тенденцияны алады жарықта сарғаяды суды бойына сіңіріп алады

Қолданысы Мақта иірілген жіп жасауу үшін тоқыма өңдеуге қолданылады. Мақта мата, трикотаж, жіп және т.б. өндіру үшін пайдаланылады. Мақтаның мамықтары мен жүндері химия өнеркәсібінде жасанды талшықтар мен жіптерді, пленкаларды, лактарды және т.б. алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар жарылғыш заттарда қолданылған.

19 ғасырдың бірінші жартысында суық тиюді емдеу үшін құлаққа мақта қағазы салынған.

Егу, өсіру 230*300|thumb|Мақта өрiсі. Ботаникалық Бақ Сухуми, 1912 жыл. + Мақта егiндерiнiң аудандары (FAOSTAT)га. Мемлекет 1985 1995 2005 Үндістан 7 533 9 035 9 100 АҚШ 4 140 6 478 5 586 Қытай 5 140 5 422 5 060 Пәкістан 2 364 2 997 3 096 Өзбекстан 1 493 1 390 Бразилия 3 590 1 191 1 254 Нигерия 220 431 630 Түркия 660 741 600 Түрікменстан 607 600 Мали 146 336 551</div>+ Мақта өндiрiсi (FAOSTAT)мың тонн. Мемлекет 1985 1995 2005 Қытай 4 147 4 768 5 700 АҚШ 2 924 3 897 5 164 Үндістан 1 484 2 186 2 475 Пәкістан 1 217 1 802 2 122 Өзбекстан 1 265 1 250 Бразилия 943 479 1 196 Түркия 518 851 800 Аустралия 267 421 578 Грекия 168 433 359 Сирия 170 216 331

Экономика

Дүниежүзілік мақта қолданысы, мың тонн 2001−20022002−20032003−20042004−2005*2005−2006** Барлығы 20 28821 18421 35223 08023 650 КХДР 5 7006 5007 0008 1008 600 Үндістан 2 9102 9143 0003 3003 400 Пәкістан 1 8552 0422 1002 3002 370 Шығыс Азия, Аустралия и Мұхит ар. 2 1272 0751 8851 8501 830 АҚШ 1 6761 5831 4131 3501 280 Бразилия 830760825900900 ТМД 671674686710730 Басқалар 2 0902 2372 2182 3302 330

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том Дереккөздер

Санат:Құлқайырлар Санат:Табиғи өнімдер