Жалгерлік ақы / Жалдау Ақысы - жалгерлік тәртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақшалай не аралас нысандарда төленетін ақы. Оның мөлшері, дүркінділігі мен мерзімі жалгерлік шартта айқындалады. Жалгерлік ақы өнімді өткізуден (қызмет көрсетуден) түскен ақшаның бір бөлігі болып табылады, жалгер оны жалға алынған мүлікті пайдалану құқығы үшін шарт талабына сәйкес жалға берушіге табыстауға (аударуға) тиіс. Жалға беруші мүлікті жалға бермей алуы мүмкін таза табыстың деңгейі оны анықтау үшін негіз болып табылады. Оның шамасы мүліктің тозу дәрежесіне, тараптардың қаржы жағдайына, олардың қай салаға жататынына, бюджетпен есеп айырысудың белгіленген тәртібіне, басқа да факторларға байланысты.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика