Ұрысты (операцияны) жоспарлау () — әскерлердің жауынгерлік міндеттерін орындауының, олардың күш-қуатын қимыл жасау бағыттары бойынша болу мәселелерінің, бірлесе қимылдауларының, жан-жақты қамтамасыз ету мен басқарудың мазмұны мен кезектілігін егжей-тегжейлі белгілеу; ұрысты(операцияны) дайындаудың құрамдас бөлігі. Оны командирдің (қолбасшының) ұрыс (операция) жөніндегі шешімі, жоғарыдағы басшылық пен штаб нұскаулары негізінде штаб жүзеге асырады. Жоспарлау кезінде жағдай жан-жақты бағаланып, сондай-ақ окиғаның даму мүмкіндігі алдын ала болжанады және дәл оперативтік-тактикалық есептер негізге алынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс