Халықаралық сауда палатасы (ХСП) халықаралық бейүкіметтік ұйым, іскерлік топтар мен бірлестіктер федерациясы. 1919 ж. Атлантик-Ситидегі (АҚШ) Халықаралық сауда конференциясында құрылған. Кәсіпкерлердің ұлттық федерациясын, экономикалық және қаржы байланыстарын дамытуға мүдделі 100 елдің Дерлік іскер топтарын біріктіреді. 1919 жылы құрылған. 1920 жылдан жұмыс істейді. Парижде орналасқан. Нью-Йорк, Женева, Гонконг, қалаларында бөлімшелері бар. Ресми мақсаты — халықаралық экономикалық қатынастарды жақсартуға, осы негізде ашық әлемдік экономиканы одан әрі дамытуға, іскер адамдар мен олардың ұйымдарының өзара тиімді ынтымақтастығына, халықтар арасындағы достық қатынастарды және олардың гүлденуіне жәрдемдесу.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Дереккөздер
Санат:Экономика