right|thumb Тоқтарбек Қызықбай (СауырПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 142) (2.12.1940 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы-2005) - ақын.
1958 жылы осындағы қазақ орта мектебін бітірген. ҚазҰУ-ды бітірген. 1958 - 1962 жылы аудандық "Совет туы" (қазіргі "Достық") газетінде тілші, 1962 - 1975 жылы облыстық "Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар") газетінде әдеби қызметкер, бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарған. 1975 - 1980 жылы республикалық "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1975 - 1985 жылы "Қазақстан коммунисі" (қазіргі "Ақиқат") журналының бөлім меңгерушісі,"Қазақстан мектебі" журналы редакторының орынбасары болған. 1994 - 1998 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі болып жұмыс істеген. Кейінгі жылдары ҚР Денсаулық сақтау министірлігінде мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы кызметтерін аткарған.
Шығармашылығы Қыр гүлдері. Өлеңдер. А., 1966; Алтай әуендері. Өлеңдер. А., 1968; Темір тізгін. Өлеңдер. А., 1972; Парыз. Өлеңдер. А., 1975; Арайлы шақ. Өлеңдер. А., 1977; Жусан иісі. Өлеңдер. А., 1979; Жүрек оты. Поэма,өлеңдер. А., 1980; Жылдар жаңғырығы. Өлеңдер. А., 1982.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 «Сәуір лебі» «Көңіл қоңырауы» «Зайсан» «Өмір — сапар» жыр жинақтарының авторы.
Марапаттары «Құрмет Белгісі» ордені "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:2 желтоқсанда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Зайсанда туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Егемен Қазақстан журналистері Санат:Ақиқат журналы қызметкерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан мектебі журналы қызметкерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері