Мемлекет иелігінен алу - шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру.
Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, нарықты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың мемлекеттік кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады.
Қолданыстағы зандарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы