Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем — бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас сөйлем.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары: Есімше арқылы: а) Шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы: Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді буның өзінен ішіндегі ниетін сұрады (М. Әуезов); ә) есімшелік тұлғаларға -соң шылауының тіркесуі арқылы: Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин). Көсемше арқылы: Сол кезде бұтақ сынып кетіп, Асылып құзға Қайсар тұра қалды (С. Мұқанов). Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Тағы қараныз: Сабақтас құрмалас сөйлем Себеп-салдар салалас сөйлем Салалас құрмалас сөйлем Сөйлем
Дереккөздер
Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика Санат:Синтаксис