Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар: ескерту жасау; әкімшілік айыппұл салу; әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу; әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.; жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; әкімшілік қамауға алу; шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң