Тілек Әбжалиев (7.12. 1952, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы — 1.1.2003, Талдықорған қаласы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1982).

1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Талдықорған (қаз. Б.Римова атындағы) облыстық драма театрында еңбек етті.

М.Әуезовтің " Абайында", "Таңғы жаңғырығында", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында", "Ұлпанында", Ш.Айтматовтың "Арманым-Әселімінде", Т.Ахтановтың "Күшік күйеуінде", Д.Исабековтың"Әпкесінде", І.Жансүгіровтің "Исатай-Махамбетінде", Т.Қалилахановтың "Алтын бесігінде", Т.Әліпбаевтъщ "Соңғы бетпе-бетінде", т.б. қойылымдарда ойнады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:7 желтоқсанда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:1 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Талдықорғанда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Бикен Римова атындағы театр әртістері