Науру Республикасы () — Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі бір аттас маржан аралында орналасқан ергежейлі мемлекет. Аумағы — ; халқы — 10 261 адам (2015Население Науру 2016 | Численность населения Науру). Тәуелсіздігі 1968 жылы жарияланды.
Науру аралы экватордан оңтүстікке қарай қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал Банаба шығысқа қарай қашақтықта орналасқан және Кирибати республикасына жатады. Науру Жердегі ең кішкентай тәуелсіз республика болып табылады, ең кішкентай аралдық мемлекет, Еуропа шегінен тысқары ең кішкентай мемлекет және ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет (елдің бейресми астанасы — елдің парламенті және әуежайы орналасқан қала Ярен қаласы).
Мемлекет Ұлттар достастығына кіреді. 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Науру Республикасы БҰҰ құрамына кірді. Науру — Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы және Тынық мұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі.
Атауы «Науру» сөзінің тегі нақты белгісіз. Қазіргі кездегідей, наурулықтар аралды бұрын «Naoero» деп атаған. 1909—1910 жылдары аралға келген неміс профессоры Пауль Хамбрух осы сөздің этимологиясына келесі түсіндірмелер берген: оның пікірі бойынша «Naoero» сөзі «a-nuau-a-a-ororo» сөз тіркесінің қысқартылуы (қазіргі жазылуы «A nuaw ea arourõ») болып табылады және науру тілінен «мен теңіз жағасына бара жатырмын» деп аударылады. Бірақ Науру аралында астам өмір сүрген және науру тілін еселеп оқыған неміс католик миссионері Алоиз Кайзер осы түсіндірмені құптаған жоқ, өйткені жергілікті диалект бойынша қозғалыс етістігімен қолданған «теңіз жағасы» сөздерінен кейін «төмен» деген аударманы беретін «rodu» сілтеу сөзі қолдануы керек еді. Наурулықтардың өздері «теңіз жағасы» сөзін аралдың ең терең және ойпаң жер деп түсінеді. Олар осы сөзді жерге де, теңізге де қолданады.
Аралдың басқа да атаулары бар: 1888 жылға дейін ағылшын колонисттері Науруды «Жағымды арал» () деп атаған. Немістер оған «Nawodo» немесе «Onawero» деген атаулар берген. Еуропалықтар елдің атауын дұрыс айтуы мақсатында «Nauru» сөзінің кейінгі жазылуы «Naoero» дегенге ауыстырылды.
Тарихы Шамамен 3 мың жыл бұрын Науруды микронезиялықтар және полинезиялықтар мекендген. Нұсқалардың бірі бойынша, Науру аралына алғашқы болып Бисмарк топаралынан қоныс аударушылар және меланезиялықтардың, микронезиялықтардың және полинезиялықтардың ыдырауына дейін праокеания халқының өкілдері келген.Беликов В. И. Происхождение и миграции полинезийцев (по лингвистическим данным). В сборнике статей: Пути развития Австралии и Океании: история, экономика, этнография. М.: Наука, 1981. С. 243—254. Дәстүрлі түрде арал тұрғындары өз шығу тегін шеше жағынан санаған. Еуропалықтардың келуіне дейін Науру аралының халқы 12 тайпадан тұрған. Еуропалықтар арасынан алғашқы болып Жаңа Зеландиядан Қытайға қарай бағыт ұстаған ағылшын капитаны Джон Фирн 1798 жылдың 8 қарашасында ашқан және аралға 90 жыл бойы жиі қолданылған «Жағымды» () деген атау берді.История Науру. 2000Сайт Департамента образования Науру. 2007 Негізгі ауыл шаруашылық дақылдар ретінде кокос пальмасы және панданус өсірілген. Наурулықтар рифте каноэмен және арнайы оқытыған құстармен (үлкен фрегаттар) балық аулаған. Сонымен қатар олар өзіне қосымша тамақтану көзі ретінде Буада көлінде ханос балығын () көндіктіре алды. Балық аулаумен тек қана ерлер айналысқан.
Астында көрсетілген хронологияға тек қана еуропалықтардың Науру аралын ашқаннан кейін тарихи оқиғалар енгізілген.
Физикалық-географиялық мінездеме
Жалпы география Науру аралы Тынық мұхитының батыс бөлігінде, экватордан шамамен қашықтықта орналасқан.Постоянная миссия Республики Науру в ООН Ең жақын арал Банаба (Ошен) шығысқа қарай 288 км қашақтықта орналасқан және Кирибати Республикасына тиесілі. Айрықша жағалық экономика аймағының (АЭА) ауданы — Исключительная экономическая зона Науру. 2006 , оның аумақтық суларға жатады.
Науру аралы — көтерілген маржан атоллы, жанартау конусының үстіне. Арал сопақ болып келеді, шығыс жағынан жағалау батыңқы — ол жерде Анибар шығанағы орналасқан. Арал аумағы — , ұзындығы — , ені — . Жағалық сызықтың ұзындығы — шамамен .Науру. Энциклопедия Кругосвет Географическое положение Науру. 2007 Ең жоғарғы нүктесі — (басқа мәліметтер бойынша ) — Айво және Буада округтерінің шегінде орналасқан. Жағалаудан шамамен қашықтықта мұхит тереңдігі астам құрайды. Бұл жерде мұхиттың түбіне жететін құлама жардың орналасуымен байланысты.
Арал бетінің ені ді құрайтын кысаң жағалық жазық болып келеді, Науруның орталығында биіктігі дейін жететін әктасты үстіртпен қоршалған. Бұрын үстірт фосфориттердің (науруит) қалың қабатымен жабылған еді. Болжаулы пікір бойынша бұл қабат теңіз құстардың дәреті болып табылады. Арал қысаң маржан рифімен көмкерілген (ені шамамен Республика Науру. National Assessment Report ). Рифте шағын қайықтарға аралдың маңына тікелей жақындауға мүмкіндік беретін қазылған, .
Геология 250px|thumb|Наурудың физикалық картасы Аралдың ішкі аймағында фосфориттік кен қазу жұмыстарынан қалған үлкен әктасты тісшелер және пирамидалар орналасқан. Бұл құрылыстардың биіктігі кейбір жерлерде асады, ал карьердің өзі көптеген шұңқырлары мен ойпаттары бар үлкен лабиринт тәріздес. Тар табанды темір жолы аралдың кемежайына өнідірілген фосфориттердің жеткізілуін жеңілдету үшін арнайы құрылған. Әктасты үйінділер аймағында топырақ жамылғысы түгелдей болмағанның нәтижесінде, жаңбырлы су жердің бетінде қалмай, таулы жынысына толығымен сіңеді.
Географтар, геоморфологтар және геологтар аралдың бедерін, топырағын және геологиялық құрылысын жете зерттеп, алынған деректер бойынша Наурудың геологиялық тарихын қалпына келтірді.
Климаты Наурудағы климат — экваторлық-муссонды, ыстық және ылғалды. Орташа температурасы шамамен құрайды. Күндіз температура және аралығында өзегереді, ал және түнгі уақытта. Күндізгі температура дейін жетуі мүмкін. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері — . Кейде құрғақшылық жылдар болып тұрады, ал кейбір жылдары жауын-шашын мөлшері -ге дейін жетеді. Осындай елеулі тербелістер Эль-Ниньо құбылысымен түсіндіріледі. Жаңбыр жауатын мезгіл қарашадан ақпанға дейін созылады.Климат Науру. 2007 Наурыздан қазанға дейін солтүстік-шығыс бағытындағы желдер үстем болады. Жыл сайын аралда беттік ағымның тугелдей жоқ болғанымен шамамен су түседі.
Науру үкіметін жаһандық жылыну мәселесі алаңдауда, дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі жағыдайында аралға су басу қаупі төніп тұр. Сондықтан республика әлемдік қоғамдастықтық назарын аударуға тырысып жатыр, ең алдымен, БҰҰ арқылы.
Флора және фауна 230px|thumb|2002 жылы жасалған Науру аралының жерсеріктестік кескіні Аралдың ауданы кішкентай болғанынан және оның континенталды құрлықтан және ірі топаралдардан оқшаулауы нәтижесінде Науруда жергілікті түтікті өсімдіктердің 60 түрі ғана өседі, және оның ешбірі эндемик болып табылмайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қатты ойран, кокос пальмасының дара дақылды таралуы және фосфориттерді өңдеу Науру аумағындағы өсімдік жабынының басым бөлігінде жойылуына себеп болды, бірақ қазіргі кезде оның 63 % аумағы бұрынғы қалпына келтірілді.
Аралда жаппай кокос пальмалары, панданустер, фикустер, дәмжапырақ және де басқа жапырақты өсімдіктер өседі. Сонымен қатар Бұталы формациялардың әр түрлі типтері де кең таралған. Өсімдіктер мен ағаштар жағалық аймақта және Буада көлінің айласында аса қалың өседі. Науруның ішкі аймағында бөрітарақ, сонымен қатар шие, бадам және манго ағаштары өседі.
Аралдың ойпаң жерлері негізінде тырбақ өсімдіктерге бай, ал қыратты жерлерде ағашты өсімдіктер қалың өседі.
Наурудың жануарлар дүниесі кедей. Барлық сүтқоректілер адаммен кіргізілді: кіші егеуқұйрықтар, мысықтар, иттер және шошқалар, сонымен қатар тауықтар. Бауырымен жорғалаушылар кесірткелермен ұсынылған. Орнитофауна байырақ — барлығы 6 түр (балшықшылар, қарқылдақтар, дауылпаздар, фрегаттар, кептер). Науруда бір ғана сайрағыш құстың түрі мекендейді — Науру айқабағы, арал эндемигі. Аралда жәндіктер және басқа да омыртқасыздар көп. Арал айналасындағы суда түрлі акулалар, теңіз кірпілері, жұмсақденелілер, таңқы шаяндар және басқа улы теңіз жануарлары мекендейді.Природа Науру. 2007
Халқы
Саны left|thumb|150px|Наурудағы ауыл (1896) 2011 жылдың санағы бойынша, Науру Республикасының халық саны құрады, соның ішінде ерлер — 5105, ал әйелдер — Халық тығыздығы — . Бұдан басқа, арал аумағында Австралияға заңсыз түрде кіруге тырысқан босқындар лагері бар. 2016 жылғы шілде айының соңына қарай лагерде 442 адам тұрған, соның ішінде 338 ер адам, 55 әйел адам және 49 бала; босқындардың басым бөлігі Ауғанстаннан, Ираннан және Ирактан.
1968 жылы, тәуелсіздікті жариялаған кезде, халық саны құрады.
thumb|250px|Денигомоду және Нибок округтеріндегі тұрғын ауданы
Наурудағы туу көрсеткіші , өлім — , халық санының табиғи өсуі — 1,781 %. Нәресте өлімі көрсеткіші 2007 жылы 1000 жаңа туғандарға 9,6 өлім.
2007 жылы жетпеген балалар үлесі 37,8 % () құрады, 15 жастан 60 жасқа дейінгі ересектер саны — 59,3 % (), 60 жастан жоғары — 2,9 % (). Ерлердің орташа өмір сүру көрсеткіші 2011 жылы құрады, ал әйелдер — .
Аралдың ресми астанасы және қалалары жоқ. Президенттің резиденциясы Мененг округінде орналасқан, ал үкімет мекемелері және парламент — Ярен округінде. Арал тұрғындарының барлығы теңіз жағасының бойында немесе Буада көлінің айналасында тұрады.
Этникалық құрамы Науру тұрғындарының шамамен 91 % () республиканың байырғы халқы — наурулықтар болып табылады. Науру тұрғындарының жалпы санынан Тынық мұхитындағы аралдардан шыққандар (негізінде фиджилықтар және тунгарулықтар) 4 % құрайды, еуропалықтар — 1,6 % (), қытайлар — 1,5 % (). Тұрғындардың ішіндегі шет елдер азаматтарының үлесі жоғары.
Тілдің негізінде наурандықтарды микронезиялық халықтар тобына жатқызылады, бірақ бұл этностың қалыптасуына микронезиялықтар ғана емес, сонымен қатар полинезиялықтар және меланезиялықтар да қатысты.
Тілдер Наурулықтар микронезия тілі — науру тілінде сөйлейді. 1968 жылға дейін Науру Республикасы Австралияның, Ұлыбританияның және Жаңа Зеландияның бірлескен меншігі болған, сондықтан ағылшын тілі, науру тілімен қатар, мемлекеттік болып табылады.
Науру жазуы латын алфавитінің негізінде құрылып, тұрған. Кейін, басқа тілдердің елеулі ықпалынан, ең алдымен неміс, ток-писин және кирибати, алфавит дейін кеңейді. Бұл микронезиялық тілінің зерттеуіне науру тілінде оқулық жазған католиктік миссионер Алоиз Кайзер зор үлес қосты, сонымен қатар американдық (Германияда дүниеге келген) протестанттық миссионері Филипп Делапорт ().
Діни құрамы Бүгінгі таңда Науруда негізінде христиандықтар тұрады. Наурулықтардың көбісі (60,5 % — ) протестанттық шіркеулердің өкілдері болып табылады, соның ішінде 35,2 % () — Науру конгрегационалисттік шіркеуінің өкілдері. Бұл шіркеудің Мененг, Буада, Анабар және Нибок округтерінде өзінің кішкентай шіркеулері орналасқан, ал басты шіркеуі Айво округінде. Құдай Ассамблеясынан сенушілер — 12,8 % (), Наурудың тәуелсіз шіркеуінен — 9,4 % (). Елде адвентисттер, баптисттер және Иегова куәгерлерінің шағын топтары бар.
Науру тұрғындарының шамамен 32,5 % () католиктік шіркеудің өкілдері болып табылады, оның Ярен округінде өз шағын шіркеуі, сонымен қатар Ева округінде мектебі (Кайзер колледж) бар. Тұрғындардың шамамен 5 % буддизм және даосизм діндеріне мойынсұнады, 2 % — баһаи. Наурундақтардың шағын тобы дәстүрлі сенімдерді (Эиджебонг (Eijebong) әйел құдайна және Буитани (Buitani) аралдың рухына табыну) ұстанады.
Үкімет кейбір конфессиялардың қызметін шектейді, мысалы, Иса Мәсіхтің заманауи шіркеуі (мормондар) және Иегова куәгерлері (қолдаушылар негізінде Науру фосфат корпорациясында жұмыс істейтін шет елдердің азаматтары).Религия на Науру. 2007 1979 жылы Науруға Маршалл аралдарынан келген Иегова куәгерлерінің миссионері елге қайта жіберілді.
1995 жылы шектеулердің бөлігі алынып тасталды.
Саясаты Мемлекеттік нышандар
Науру Республикасының мемлекеттік байрағы, елтаңбасы, әнұраны және конституциясы 1968 жылы қабылданды және бекітілді.
Мемлекеттік құрылымы thumb|350px|Наурудың саяси құрылымы