Теңгерімнен тыс шоттар — активтері мен пассивтерінде көрсетілмеген, яғни субъектіге меншіктік құқық ретінде тиесілі емес құндылықтарды есепке алу үшін пайдаланылатын субъектілердің жұмыс жоспарынын шоттары, мұндай құндылықтарға жалға алынған құралдар (ағымдағы жалгерлік), жауапкершілікпен сақтауға немесе өндеуге берілген жабдық, мердігерге құрастыруға берілген жабдық, "Сенімгердің" қаржы-қаражаты, т. б. жатады. Операциялар қос жазба әдісімен жазылатын теңгерімдік шоттардан өзгеше түрде теңгерімнен тыс шоттарда жалғыз жазбамен көрсетіледі.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика