Тұтынушыларды алдау (ағыл. consumerfraud; нем. Verbraucherbetrug m) - Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс, меншік нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеуі, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттеріне немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Заң