Ивановский белок – Иванов жотасының орта бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2099 м. Үлбі мен Громотуха суайрығында.
Геологиялық құрылымы Құрылымы құмтас, әктас, кристалдық тау жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Тау ендік бағытта созылып жатыр. Солтүстік беткейінен Үлбі өзенінің көптеген салалары бастау алады. Оңтүстік беткейінде Россыпной белок, Проходной белок жоталарымен шектеседі.
Өсімдігі Тауалды күңгірт қоңыр топырағында далаға тән өсімдіктер тараған. Жоғарғы белдеуде шырша, қарағай, қайың, көктерек аралас орман өседі. Етегі – шөбі шүйгін жайылым.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Пик Ворошилова или Выше-Ивановский Белок
Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары