Надежда Вениаминовна Казаченко (1947 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы. (1993).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1971, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Степногорск (1971–73) емханасында дәрігер-офтальмолог. Қарағанды (1973–75) қалаларындағы емханада дәрігер-офтальмолог. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында аға зертханашы, ассистент, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкері (1976–97) болды. 1997 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері Казаченконың 110-нан астам ғылыми-зерттеу мақаласы, 1 монографиясы жарық көрген.

Дереккөздер

Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан офталмологтары Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері