Престиж (Мәртебе) — адам еңбектерін қоғамның қадірлеу өлшемі; белгілі бір қауымдағы қабылданған құндылықтарымен субъектінің әлеуметтік маңызды сипаттарын салыстыру нәтижесі. Бала үшін ересектер алдында және құрдастары арасында мәртебесінің маңызы зор. Мұғалім үшін қоғамдық түйсіктегі педагог мамандығының мәртебе деңгейі қандай екені толғандырады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6 Азаматтың, заңды тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т.б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Дереккөздер

Санат:Педагогика Санат:Терминология