Лесото (сесуто тілінде, ) немесе Лесото патшалығы — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды).
Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы – 2,1 млн. Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто.
Халқының 42%-ы протестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы – конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы – Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қазан (1966). 1966 жылдан БҰҰ-на және Африкалық Бірлік ұйымына (ОАЕ) мүше.
Ақша бірлігі – лоти.
Табиғаты Лесотоның шығысы мен оңтүстік Дракон тауларымен шектелген, Басуто үстіртінде орналасқан. Ең биік жері – Табана нтленьяна (3482 м) тауы. Климаты субтропиктік, қаңтардағы орташа температурасы 25 – 26ӘС, шілдеде 15ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 750 – 1000 мм. Басты өзені – Оранис. Ландшафтысына астық тұқымдас шөптесінді дала тән, Дракон тауында бұта басым өседі. Негізгі пайдалы қазбалары – алмас, көмір, уран мен кварц.
Тарихы Лесотоның ежелгі тарихы аз зерттелген. Лесотоның байырғы тұрғындары бушмендер болды. 17 – 18 ғасырларда басуто тайпалары оларды ығыстырып шығарды. 1860 ж. елді ағылшындар басып алып, 1868 – 1966 ж. аралығында Ұлыбританияның протектораты болды. 1966 ж. Лесото тәуелсіздік алғанымен елде саяси тұрақсыздық орын алып, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1993 ж. 27 наурызда халықаралық күштердің қысымымен елде демократиялық сайлау өтіп, әскери режим биліктен кетті. 2 сәуірде парламент Лесотоныңның жаңа конституциясын қабылдады. Лесото сыртқы қатынастарда блоктарға қосылмау саясатын ұстанады.
Экономикасы Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт – 85%, импорт – 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері