Бірғаным Сарықызы Әйтімова (26.2.1953 жылы туған, Бәйтерек ауданы, Бакаушин ауылы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Орал педагогика институтын (1974), Алматы саясаттану институтын (1989), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді (1994) бітірген. 1974-76 ж. мектеп мұғалімі, 1976-79 ж. — Бәйтерек ауданы «Пермь» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, 1979-83 ж. — Орал қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы болды. 1983-87 ж. ЛКЖО ОК-нің хатшысы, 1987- 90 ж. Қазақстан балалар қоры төрағасының орынбасары, 1990- 93 ж. Жоғары Кеңес депутаты, 1993-96 ж. Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі министр, 1996-97 ж. сенатор, 1997 жылдан Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі төтенше және уәкілетті елшісі. Әйтімова «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Дереккөздер

Санат:1953 жылы туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Саясаттағы Қазақстан әйелдері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстанның Израильдегі елшілері Санат:Қазақстанның Италиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Кубадағы елшілері Санат:Қазақстан білім және ғылым министрлері Санат:Қазақстан туризм және спорт министрлері