Нәби Елікбаев (1944 жылы туған) – философия ғылымдарының докторы (2001), профессор (1993).

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (1965) бітірген соң орта мектепте мұғалім, аспирант (1965–1976); КСРО ІІМ органдарында оқытушы, цикл бастығы, доцент (1976–1988); Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1988–1993); 1994 жылдан Қазақстан ІІМ Қарағанды заң институтында профессор болды. 2000 жылы «Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихи және әлеуметтік-мәдени негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Елікбаев 90-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Шығармашылығы Социализм және ұлттық психология (1978);Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 О национальной психологии казахской нации (1991); Дөуір тынысы: қазақ Ұлтының психологиясы (2000).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1944 жылы туғандар Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан философтары Санат:Қарағанды облысы тұлғалары