Болат Салахитдинұлы Есмамбетов (4 қыркүйек 1932, Ресей, Астрахан облысы, Володар ауданы, Яблонка ауылы — 31 желтоқсан 1983, Алматы) — әскери қайраткер, ҚР-ның Әскери комиссары (1978), генерал-майор (1980).
Өмірбаяны 1952 жылы – Б.М.Шапошников атындағы Тамбов жаяу әскерлер училищесін бітірген. 1955 жылы – Саратов хим. әскерлерін даярлау курсын бітірген. 1965 жылы – Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. 1975 жылы – К.Е.Ворошилов атындағы Бас штаб академиясын бітірген. Әскери қызмет бабымен взвод командирлігінен дивизия басшысы лауазымына дейін жоғарылатылған. САВО әскери дайындау басқарма бастығы, ҚР Әскери комиссары болған, Қиыр Шығыс, Прикарпат, Приволжье, т.б. әскери округтерінде басқарма бастығы қызметін атқарған.
Қоғамдық қызметі ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған.
Марапаттары Бірнеше орденмен және медальдармен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:4 қыркүйекте туғандар Санат:1932 жылы туғандар Санат:Володар ауданында (Астрахан облысы) туғандар Санат:31 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1983 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Фрунзе атындағы Әскери академия түлектері Санат:Ворошилов атындағы Бас штаб академиясы түлектері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары