Бұрылғыштық — көлік құралының бұрыла алу қабілетін сипаттау қасиеті.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Динамикалық бұрылғыштық – автомобильдің қозғалыс жылдамдығының өзгеруіне және рөлді бұруына сәйкес қозғалыс траекториясының қисықтығын өзгерте алу қасиеті. Бұрылу артықшылығы – автомобильдің жылдамдығы үдеген сайын руль бұрылысының ұдайы бұрышындағы бұрылыс радиусының азаюы. Бұрылу жетіспеушілігі – автомобильдің жылдамдығы үдеген сайын руль бұрылысының ұдайы бұрышындағы бұрылыс радиусының көбеюі. Бұрылу бейтараптығы – автомобильдің жылдамдығы үдеген сайын руль бұрылысының ұдайы бұрышындағы бұрылыс радиусының өзгермеуі. Статикалық бұрылу – автомобильдің қозғалыс жылдамдығының өзгеруінде де, рульдік доңғалақтың бекітілген кезінде де қозғалыс траекториясының қисықтығын өзгерте алу қабілеті.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Көлік бөлшектері Санат:Физика