Батур Аршитдинов (1926 жыл т., Алматы облысы, Жаркент) - ұйғыр ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Өмірбаяны 1932-60 жылдары ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында тұрды. 1944 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласындағы педагогикалық училищені бітірді. 1944—1949 жылдары Шығыс Түркістанда белең алған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысады. 1952-1954 жылдары Үрімші қаласында жоғары оқу орындарын тамамдайды. 1954 — 1961 жылдары ШҰАР-дың Коммунистік Жастар одағының бірінші хатшысы, Демократиялық жастар ұйымының төрағасы бола жүріп, «Жас коммунист» журналының, «Синьцзян жастары» газетінің, «Синьцзян» жастар баспасының Бас редакторы міндетін қатар атқарады. 1958-1960 жылдары ҚКП Пекин Жоғары партия мектебінде тағылым алады. 1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл білімі институты құрамындағы ұйғыр бөлімінде әдебиет мамандығы бойынша аспирантурада сырттан оқыды. 1962—1989 жылдары аралығында Қазақстан Ғылым академиясының ұйғыртану бөлімінде, кейіннен ұйғыртану институтында ғылыми қызметте болды.
Шығармашылығы Алғашқы өлеңі 1947 жылы Үрімшіде жарық көрді. 1957 жылы оның «Жастық сезімдері» 1967 жылы «Дала» 1971 жылы «Тау самалы» «Кек» (1980) "Дастандар" (А., 1981) «Ынтызар» (1986) жинақтары жарық көрді. «Ұйғыр классиктері шығармашылығындағы дастан жанры» «Ұйғыр халық ауыз әдебиеті шығармашылығы» «Дастандар дүниесіне саяхат» (2003) «Төрт дербіш» «Он екі мұқам туралы» (мәтіндер) (2002) «Сом алтын» (ертегілер) «Ұйғыр фольклорының антологиясы» атты ғылыми еңбектердің авторы. «Ватан ышхи» (2006) «Юсуп ва Зылайха хакыда» (2006) «Ыстық лалият» (2007) «Ұйғыр бәдий тапаккур тарихи» (2008). Қоғамдық қызметі Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық республикасы Жазушылар одағының және бірнеше ғылыми одақтардың мүшесі.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылЖетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Жаркентте туғандар Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Ұйғыр ақындары Санат:Шыңжаң ақындары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Ұйғыртанушылар