thumb|Жартылай-тіркемені сүйретіп бара жатқан тартқыш
Жартылай тіркеме () — алдыңғы бөлігі болмайтын, алдыңғы бөлігімен тартқышқа тіркестірілетін тіркеменің бір түрі. Әртүрлі жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы.
Түрлері Белсенді жартылай тіркеме — жетегі тартқыш автомобиль қозғалтқышы арқылы жүзеге асырылатын, жетекші доңғалақты жартылай тіркеме. Жүктік жартылай тіркеме — жүк тасымалдауға арналған жартылай тіркеме. Жалпылай жұмысқа арналған жартылай тіркеме — жалпы жұмысқа арналған шанақ-борттық платформалы жартылай жүк тіркемесі. Енжар жартылай тіркеме — доңғалақтары жетекші болып табылмайтын жартылай тіркеме. Арнайы жартылай тіркеме — арнайы конструкциялы немесе арнайы шанақты (цистерна, фургон, т.б.) жартылай жүк тіркемесі.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Көлік құралдары Санат:Жүк автомобилі