Теңіз тасбақалары () — тасбақалар () отрядына жататын тұқымдас. Тропикалық және субтропикалық теңіздерде 4 туыстың 6 түрі таралған. Барлық 6 түрлері ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Сауытының ұзындығы 80 с-ден 1,4 м дейін, салмағы 600 кг. Сауыты сүйір, аласа, мүйізді қалқаншалармен қапталған. Басы кішкентай, мойыны сауытына толығымен кірмейді. Алдыңғы аяқтары артқыларынан ұзын, ескек тәрізді, жүзуге бейімделген, 1-2 тұяғы бар. Жылдам жүзеді, тереңге сүңгиді. Қорек және көбеюге жарамды жер іздеп жүздеген шақырым жерге жүзіп барады. Олар тек жұмыртқа салу үшін ғана құрлыққа шығады, (200- ге дейін домалақ, сырты терімен қапталған жұмыртқалар). Қоректері ұлулар, балықтар, теңіз балдырлары.

Ең ірісі жасыл теңіз тасбақасы (), сауытының ұзындығы 1,4 м, салмағы 600 кг. Саны азайған, өйткені оны еті, жұмыртқасы және сауыты үшін аулайды. Бұлар тропикалық теңіздерді мекендейді. Көбінесе жағалауларда, өзен сағасында тіршілік етеді. Балдырлармен және түрлі жануарлармен қоректенеді. Аралдардыӊ құмды жағалауларына жұмыртқа салады. Бір ұрғашысы 200-ге дейін жұмыртқа туады. Етінің қоректік сапасы жоғары болғандықтан жергілікті халық тамаққа пайдаланады.

Тропиктік теңіздердің жағалауларында бисса немесе каретта () деген түрі кездеседі. Оның сауытының ұзындығы 60-80 сантиметрге жетеді. Тек қана су жануарларымен қоректенеді. Каретталардың етін тамаққа сирек пайдаланады, бірақ сауытының әдемі мүйізді қабаты үшін аулайды. Мүйізді қабаттан әр түрлі бұйымдар (тарақ, пышақтың сабы) жасалады. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970

Сондай-ақ ірі түрінің бірі логгерхед немесе үлкенбас тасбақа ().Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Түрлері Теңіз тасбақаларының жеті түрі белгілі, олар – жайпақ арқалы, жасыл, бисса, Кемп Ридлей тасбақасы, терілі тасбақа, логгерхед және Ридлей зәйтүн тасбақасы. Аталған жеті түрдің барлығының да жойылу қаупі бар және де көптеген елдерде заңмен қорғалады.

Дереккөздер

Санат:Теңіз тасбақалары Санат:Бауырымен жорғалаушылар